Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады

01.06.2024 16:27

Ведомство ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады

Минобороны РК

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай биылғы жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтетіні мәлімделген. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. 

- Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңіріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды, - делінген хабарда. 

Сондай-ақ бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатыны айтылады.  

- Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, - дейді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз:Мемлекет басшысы Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды