Елімізде қай өңірінде коммуналдық қызметке қарызы көп

06.09.2022 16:28

2021 жылдың сәйкес кезеңінде дебиторлық берешек мөлшері -16,3 млрд теңге

из открытых источников


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қыркүйекте тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13,8 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.


Коммуналдық қызметтерге ең көп қарыз аймақ – Нұр-Сұлтан қаласы. Елордалықтардың дебиторлық берешегі 2 жарым млрд теңге. Одан кейін Алматы,  Шымкент шаһарлары тұр. Қайырбек Өскенбаевтың мәліметінше, 25 шілдеде қазақстандықтардың газға 7 миллиард теңгеден астам қарызы бар екені анықталған. Бір ғана Қызылорда облысында жалпы қарыздың 1,5 миллиард теңгесі уақытында төленбеген. Бұл дегеніміз берешектің 90 пайызы екен.





«Биыл қыркүйек айындағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13,8 млрд. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде дебиторлық берешек 16,3 млрд теңгені құрады», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.