Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде кенші мерт болды

26.12.2019 16:28

Өндірістегі жазатайым оқиға 235 шахтадағы №1 штректе болған

Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндірістегі жазатайым оқиға 235 шахтадағы №1 штректе болған. Тергеу органдары аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғанын анықтау үстінде. Бұл шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.

«Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.