Қоғам Қайраткері Қажымқан Мәсімов дүниеден өтті

08.04.2019 16:29

Ол 1939 жылы 18 сәуірде дүниеге келген

Informburo.kz

80 жасқа қараған шағында белгілі қоғам қайраткері, «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіптік палатасының» президенті Қажымқан Қасымұлы Мәсімов дүниеден өтті.

Қажымқан Қасымұлы 1939 жылы 18 сәуірде дүниеге келген.

Ол Омбыдағы Теміржол институтын, Павлодардағы индустриалды институтты оқып бітірген. Сондай-ақ, 1989 жылы Алматы дене шынықтыру институтының түлегі атанды. Қазақ Туризм және спорт академиясы спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры.

2016 жылдың қараша айында «Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік палатасының» президенті боп сайланып, аталған ұйымды күні бүгінге дейін басқарып келді.

Сонымен қатар, «Мәсімов сауықтыру орталығы» ЖШС бас директоры, Қазақстан йога қауымдастығының президенті болған.

Марқұмның қонақасы 8 сәуір күні кешкі сағат 20:00-де Алматыдағы Қабылдау үйінде өтеді. Қажымқан Қасымұлымен қоштасу 9 сәуір күні 10:00-ден 11:00-де дейінгі аралықта Алматыдағы Ғалымдар үйінде (Ғылым академиясы), асы 13:00-де Қабылдау үйінде өтеді.