ҚМДБ қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алу керек екенін айтты
Биыл қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түнге түсіп отыр. Бұл түн Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн болып саналады. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар екен.
«Бұл түн барша мұсылман қауымы үшін өте қасиетті түн. Қадір түнінің маңызын құранмен түсіндіреміз. Бұл түн мың айдан да қадірлі. 1 түн отырып, 83 жыл 4 ай құлшылылық жасағандай сауап аласыз. Бұл – бір адамның өмірімен пара-пар уақыт», - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы. Ол:
• Қадір түні қандай түн?
• Қадір түнін қалай қарсы алу керек?
• Қандай дұғалар оқу қажет?
• Қадір түнінде шыдай алмай ұйықтап кеткен адамның тілегі қабыл бола ма? деген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды sputniknews.kz.