«3 сағат бойы қорлаған»: Нұр-Сұлтанда 15 жастағы қызды бейтаныс біреу зорламақ болған
Желі қолданушылары қыздың анасын жұбатып, қылмыскердің жақын арада табылатынына сендіріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
15 жастағы қызды 20-дағы жігіт әбден қорлап, зорламақ болған. Бұл туралы қыз баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Менің қызымды бір бұзақы зорламақ болды. Жасы 20-да. Қызымды 3 сағат бойы әбден сабаған, қорлаған. Аулаға сүйреп әкеп, зорламақ болған. Қызым әрең дегенде қашып құтылыпты. Қайта бейнебақылау камерасына бәрі жазылып қалған. Полицияға шағым түсірдім. Бірақ әлі таппай жатыр. Құдды жер астына түсіп кеткендей», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары қыздың анасын қолдап, оны қылмыскердің жақын арада табылатынына сендіріп жатыр.
Елордалық Полиция департаментінің хабарлауынша, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: NewTimes.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25