Құрылыс саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне толағай табыс тіледі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
«Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Сіздердің мамандықтарыңыз қоғам өміріндегі ең құрметті және аса сұранысқа ие мамандық. Сіздер өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салып, еліміздің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз тұрмыс сапасын арттыруға және барлық қазақстандықтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге жол ашады. Бүгінде құрылыс секторы экономиканың негізгі драйверлерінің бірі. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін жүзеге асыру сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге байланысты. Ерен еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Құрылыс саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне толағай табыс тілеймін!» – деді ҚР-ның Премьер-Министрі Асқар Мамин.