Желтоқсанның қай күндері магнит дауылы болады

29.11.2023 16:32

Ұйқысыздық мазалап, созылмалы аурулардың өршу қаупі бар

Сурет: elements.envato.com

Желтоқсан айының басында магнит дауылы соғады. Бұл уақытта ауа райына тәуелді адамдарды бас ауруы, ұйқысыздық мазалап, созылмалы аурулардың өршу қаупі бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, дауылдың шарықтау шегі 5 желтоқсанға келеді. Дауыл деңгейі 9 балдан 5 балға жетуі мүмкін. 6 желтоқсанда белсенділік төмендеп, шамамен 4 балл болады.

Сосын екі аптадай күн тыныш болады. Бірақ 17 желтоқсанда геомагнит тербелісі қайтадан басталып, 5 балға жетеді.

24-28 желтоқсан аралығында да магнит дауылы болады деп болжанды. Оның ықпалын әдетте ауа райы әсер етпейтін адамдар да сезінеді. 30 және 31 желтоқсанда тағы да дауыл болады, бірақ оны тек ауа райына тәуелді адамдар ғана сезеді. Бұл туралы AIF жазды.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады