Былтыр 665 ардагер болған
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 ардагері бар. Былтыр Қазақстанда 665 ардагер болған", - деді министрлік өкілдері.
Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге үлес қосқан 72 468 азамат бар.
Оның ішінде:
қоршаудағы Ленинград тұрғыны - 91;
концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны - 205;
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі мен күйеуі - 2 918;
ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері - 6;
тылда еңбек еткендер - 69 248.
Министрлік мәліметінше, заң бойынша, ардагерлерге әлеуметтік көмекті жергілікті әкімдіктер көрсетеді.