ҚР халық санағының бірінші кезеңі маусым айында өтеді

11.06.2021 16:32

Санақ кезінде халықтың толық есебін қамтамасыз ету керек

egov.kz

1-30 маусым аралығында сауалнама толтырушы тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын үйлердің және тұрғын емес үй-жайлардың мекенжайларының тізімін, сондай-ақ олардың әрқайсысында тұратын халықтың санын нақтылау үшін әрбір елді мекен бойынша үйлерді аралайтын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дайындық кезеңі барысында қалыптастырылған тізімдер қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын нұсқау беру және есептеу учаскелерін дұрыс бөлуге және санақ персоналына жүктеме нормаларына сәйкес халық санын біркелкі бөлуге арналған. Бұл санақ кезінде халықтың толық есебін қамтамасыз ету үшін қажет.


Теги: перепись