|
03.04.2019 | 11:32
1468

Президентке хат жазған қыз баспаналы болды

12 жастағы қыз өз хатын желтоқсан айында жолдаған

Президентке хат жазған қыз баспаналы болды  sputniknews.kz

Томсино ауылынынан Ресей президентіне хат жазған қызға баспана берілді, деп хабарлайды Sputnik.

2018 жылдың желтоқсан айында 12 жастағы қыз Владимир Путинге тұрмыстық жағдайының қиын екенін жазып, хат жолдаған.  

Облыс губернаторының айтуынша, отбасының жағдайын білген соң ауылдастары барынша қолдау көрсетуге тырысқан. Жергілікті билік те олардың мәселесін назардан тыс қалдырмапты. Бірнеше ай бойы баспана таңдалған.

Отбасы Псков облысындағы жер үйлердің біріне жайғасты.

«Үйді сатып алуға облыс әкімшілігі қарызға қаражат берді. Бастысы, бұл біздің өзіміздің үйіміз, бұл жерден бізді ешкім қуып шыға алмайды», - деді қыздың анасы Елена Перчикова.

Оның айтуынша, олар қажет жиһаз сатып алып, біртіндеп орнығып жатыр. Қоныс тойын тойлап жатқан отбасы жөндеу жұмыстарын жасауға кірісіп кеткен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир