Тоқаев: Қаңтар оқиғасы мемлекетіміз үшін зор сынақ болды

16.03.2022 16:32

Қаңтар оқиғасы мемлекетіміз үшін зор сынақ болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.