Ұлытау облысының аумағына 3 қала мен екі аудан кіреді
Қазақпарат
Тиісті шешімге сәйкес Ұлытау облысының аумағы анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облыстық мәслихатындағы жиында жаңа Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тиісті шешімге сәйкес Ұлытау облысының аумағы анықталды.
ҚазАқпарат мәліметінше, жаңа өңірге облыстық маңызы бар үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев, сондай-ақ екі аудан Жаңаарқа және Ұлытау кіреді.
Қарағанды облысына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозёрск қалалары, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет сынды жеті аудан кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құруды ұсынған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31