Жас жігіт модель болу үшін түрін адам танымастай өзгертіп тастады (Фото)

21.02.2019 16:33

Мэтт Куват лақап есімімен жүрген жігіт модельдік бизнесте мансабын құруда

Жапонияның танымал бейсболшысының ұлы, 24 жастағы Масаши бүгінде фарфордан жасалған қуыршақ сияқты көрінеді.

Ол жасөспірім кезінде қарапайым еді. Алайда модель болу үшін сырт келбетін өзгертіп тастады, деп жазады DlyaKota басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Жас жігіт келбетін осыншалықты өзгерту үшін қандай процедуралар жасатқаны туралы тіс жарғысы келмейді.

Бүгінде Мэтт Куват лақап есімімен жүрген жігіт модельдік бизнесте мансабын құруда.

Ол күйеу жігіттерге арналған киімдерді, косметика мен дәрілерді жарнамалайды.