Қазақстан жастарының конгресі мен Qazaq Cybersport Federation ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қол қою аясында екі тарап бірлескен жобалардың жоспарын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстан жастарының конгресі» қауымдастығы «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстан жастар конгресі» атқарушы директоры Тоқтар Болысов пен «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазбек Жанғазиев жастар саясаты қызметін табысты дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар ынтымақтастығының негізгі мақсаттары жастар арасында киберспортты қолдау және дамыту, сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру болып табылады.

«Мектептер мен ЖОО-дардағы жастарға киберспорт бос уақытты өткізу үшін емес керісінше жастардың әлеуетті дамыуындағы жаңа мүмкіндіктер екенін түсіндіру қажет. Осы Меморандум Қазақстан жастарын дамытуға бағытталған жоспарланған жобаларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктер мен перспективалар береді деп үміттенемін», – деді Тоқтар Болысов.

Ағымдағы жылы CS: GO, FIFA, PUBG:Mobile киберспорт пәндері бойынша республикалық турнир өткізу жоспарлануда. Турнирдің мақсаты-жастар арасында киберспорт экожүйесін дамыту және ілгерілету.

Қол қою аясында тараптар серіктестіктің егжей-тегжейін талқылап, бірлескен жобалардың жоспарын анықтады.

Новости партнеров