Он жылда Қазақстандағы зейнеткерлер саны 30%-ға артты

14.04.2022 16:33

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне қарамастан жинақтардың жалпы сомасы өсіп жатыр

Zakon.kz/Максим Золотухин

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шотындағы зейнетақы жинағы 13,6 трлн теңге болды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7,7%-ға артық, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне қарамастан жинақтардың жалпы сомасы өсіп жатыр.

Еске салайық: 2021 жылдың басынан бері 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге жұмсауға шамамен 1,1 миллион өтінішін орындады. Қазақстандықтардың арнайы шоттарына шамамен 2,9 триллион теңге аударылды.

Зейнетақы қорларының шығуы зейнетақы салымдарының айтарлықтай өсуімен де, өте жоғары инвестициялық кіріспен де өтелді. Мәселен, биылғы екі айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ға аударымдардың көлемі барлық түр бойынша өсті:

міндетті зейнетақы жарнасы бір жылда 27,9%-ға, 232,3 млрд теңгеге дейін;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы 33,4%-ға, 13,2 млрд.теңгеге;

ерікті зейнетақы жарнасы бірден 72,6%-ға, 180,3 млн.теңгеге дейін.

Өз кезегінде 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында таза инвестициялық кіріс 522 миллиард теңгеден асты. Саладағы өсім былтырғымен салыстырғанда бірден екі есеге немесе 304 млрд теңгеге өсті.

Ranking.kz сарапшыларының сөзінше, жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнеткерлікке шыққаннан кейін барабар өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Жарналардың жүйелілігі мен мөлшері болашақта зейнеткерлер алатын қаражат көлеміне оң әсер етуі мүмкін. Сондықтан оны анық түсіну керек: зейнетақы қорынан қаражатты алу зейнетақының түпкілікті мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Зейнетақы қорынан қаражат алмас бұрын қазіргі жағдайды және болашақты да салмақты түрде ойлап, бағалаған жөн.

Атап айтқанда, азаматтардың жинағының болашақта лайық зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы - биыл сәуір айында жеткіліктілік шегін көтерудің басты себебі. Айта кетейік, халықаралық сарапшылар бұл шешімді қолдайды.

"Мысалы, жыл сайын әлемдегі зейнетақы жүйелерін зерттеу және бағалауды жүргізетін MCGPI (Mercer CFA Institute Global Pension Index) жаһандық зейнетақы индексінің сарапшылары зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуды шектей отырып, зейнетақы мақсаттарына арналған жинақтардың сақталуын қамтамасыз етуді ұсынады. Сонда жинақтар зейнеткерлік жасқа дейін сақталады және олардың негізгі мақсаты орындалады", – дейді сарапшылар.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен қаражатты ерте алу зейнетақы активтерінің инвестициялық мүмкіндіктерін төмендетеді. Бұл инвестициялық кірістілік пен инфляцияға әсер етеді. Сонымен қатар,зейнетақы активтерінің айтарлықтай бөлігі отандық экономикаға инвестицияланып, оның нығаюына және дамуына ықпал етіп отыр. Капиталдың теңгерімсіз мерзімінен бұрын алынуы зейнетақы активтері портфелінің құрылымына және соның салдарынан инвестициялық кіріске теріс әсер етуі мүмкін.

Елдегі өмір сүру ұзақтығының, сонымен қатар зейнеткерлер санының артуына байланысты зейнетақы қорларын сақтау өзекті мәселе болып отыр.

2021 жылдың соңына қарай елде қазірдің өзінде 2,3 миллион зейнеткер бар. Бұл он жыл бұрынғыдан 30%-ға артық. Тиісінше, зейнетақы жүйесінің жинақтаушы құрамдас бөлігінің маңызы артып келеді.

Дереккөз: Zakon.kz

Теги: Зейнетақы