6 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы №27 шағынаудандағы жекеменшік балабақшада сәбидің көз жұмғаны хабарланған болатын
Әйел үйінде бала бағып, ақша тапқан. Алайда пәтерін жекеменшік балабақша ретінде тіркемепті. Бұл ақпаратпен қалалық білім бөлімі бөлісті, деп хабарлайды Sputnik.
Бала бағушы үш бөлмелі үйде күйеуі және бес баласымен бірге тұрады.
Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, әйелдің пәтері жекеменшік балабақша ретінде тіркелмеген.
"Әйел бірнеше ата-ананың сұрауымен бала баққан. Ол 6 желтоқсан күні көз жұмған баладан басқа тағы екі балаға қараған", - деп хабарлады қалалық білім бөлімінде.