Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «әл-ауқат деңгейі нашар» қазақстандықтар жергілікті бюджет қаражаты есебінен сақтандырумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың сөзіне сілтеме жасап.
- Былтыр әлеуметтік кодекс қабылданды және отбасының цифрлық картасы енгізілді. Қазір еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігі арқылы табысы ең төменгі шекті деңгейден де аз отбасыларды көріп отырмыз. Қазақстан халқы шартты түрде бес санатқа бөлінген. Біз Е санатын аламыз. Ресми мәлімет бойынша мұнда 192 мың адам тіркелген. Осы санат үшін әкімдіктер төлейтін сақтандыру мөлшерлемесін белгілеуді жоспарлап отырмыз, – деді министр.
Оқи отырыңыз:Көкшетауда ХҚКО қызметкері көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан