Нұр-Сұлтан - Балқаш және Алматы - Балқаш бағытында рейстер саны артады

egemen.kz
egemen.kz
Тариф құны - 9 000 теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Южное небо» әуе компаниясы тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан - Балқаш және Алматы - Балқаш әуе бағыттарында Qazaq Air екінші тасымалдаушысы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengritravel.kz-ге сілтеме жасап.

Осылайша, Нұр-Сұлтан - Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 6 рейстен 10 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны - 9 000 теңге. Алматы-Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 7 рейстен 13 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны - 10 000-14 000 теңге. Qazaq Air әуе компаниясы Bombardier Q400 әуе кемелерімен ұшуды орындайды.

Сондай - ақ, Ақтау - Көкшетау әуе бағыты бойынша рейстер саны 3 рейстен 5 рейске дейін ұлғайтылды. Рейстер SCAT әуе компаниясының CRJ2 әуе кемелерімен орындалады, тарифі 15 000-нан 30 000 теңгеге дейін. SCAT әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Талдықорған бағытында субсидияланатын рейсті ашады деп күтіледі. Рейстер Б-737 әуе кемелерінде орындалатын болады.


Новости партнеров