Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінде лифт құлады
Фото: Telegram/Kozachkov offside
Тұрғындар ауруханаға барудан бас тартты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй кешендерінің бірінде жолаушылары бар лифт үзіліп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.
Елордалық полицейлердің мәліметінше, 9 шілдеде Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлау дерегі бойынша шақыру түскен.
«Күндізгі уақытта 31 жастағы ер адам 16 жастағы қарындасымен бірге лифтімен көтеріліп бара жатқанда, лифті құлап, қабаттар арасында лезде тоқтаған. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар ауруханаға барудан бас тартты», – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Тексеру жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процестік шешім шығады.
Қазіргі уақытта лифт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06