Көлік құралдарының қозғалысы уақытша схема бойынша ұйымдастырылады
Елордадағы Ж. Тәшенов көшесінде нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 22 қазаннан 22 қарашаға дейін А. Бараев көшесінің қиылысы мен Ж.Тәшенов шолақ көшесіндегі қозғалыс жабылатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көлік құралдарының қозғалысы уақытша схема бойынша ұйымдастырылады.
«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін көлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне барынша мұқият болу және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа алу қажет», – делінген таратылған хабарламада.
Осы учаскедегі жылдамдық 40 км/сағ дейін шектелген.