2023 жылы зейнетақы төлемдерінің мөлшері қанша болады

28.12.2022 16:47

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады

tirshilik-tynysy.kz

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5%-ға артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыс мөлшерін 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген.

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері келесі жылы 40 567 теңге, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі мөлшердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54%-дан 60%-ға дейін ұлғаюына байланысты арттырылатын болады. Осылайша, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін артады»деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.