Оқиға Қырғызстанның Ыстықкөл облысында болған
Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған тәртіп сақшысының әрекетін видеоға түсіріп жариялады.
Оқиға Қырғызстанның Ыстықкөл облысында болды. Жол полицейі өз әрекетін әшкерелеген жүргізушіден кешірім сұрап, видеоны өшіруін сұрады.
Көлік жүргізушісі полицейдің көлікте телефонмен сөйлесіп отырғанын, темекі шегіп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін видеоға түсірген.
Көліктің соңынан қуып жетіп, оның тәртіп бұзғанын айтты. Полицей жүргізушінің алдында ақталып, кешірім сұрап бақты.