Павлодарда полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

 Павлодарда полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды
35 жастағы әйел мас болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарлық полицейлер көпірден секіріп өлмек болған үш баланың анасын аман алып қалды, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 24 сәуір күні болған. Бақылау пунктінде кезекшілікте тұрған кіші лейтенант Ербол Айғожин Ертіс өзеніндегі көпірден секіріп кетейін деп тұрған келіншекті құтқарып қалған.

Артынша анықталғандай, 35 жастағы әйел сол күні күйеуімен ұрысып қалып, өзіне қол жұмсауды ұйғарыпты. Әйел мас болған.

Айта кетейік, кіші лейтенант бұған дейін тағы бір әйелді құтқарып қалған екен.

Новости партнеров