Сүт өнімдерінің бағасы неліктен қымбаттады

24.11.2022 16:36

Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1% артық көрсеткіш

rus-img2.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда сүт пен сүт өнімдері бағасының көтерілу себептерін атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері Қазақстанда шамамен 5,5 млн тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1% артық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 млн тоннаны құрады, бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3% -ға артық.

«Соңғы екі жылда өңделген сүттің өзіндік құнының орташа есеппен 50 теңгеге, 2022 жылғы қарашада 197-200 теңгеге дейін өсуі байқалады. Кәсіпорындардағы сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті», - делінген ведомство хабарламасында.

Қараша айында қымбаттаудың негізгі себебі – жем бағасының өсуімен байланысты, бұл өзіндік құнның 70%-ын құрайды. Сонымен қатар, импорттық шығын материалдары, соның ішінде қаптама ыдыстар қымбаттады.

Теги: сүт