Өнім ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар
Алматыда 2022 жылғы 15-16 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Жәрмеңкеге ШҚО және Абай облыстары шаруа қожалықтары мен фермелері қатысады.
Өнім ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік, жануар майлары және т. б.).
Өнімнің жалпы көлемі – 168 тонна, оның ішінде:
• Ет өнімі – 40 тонна;
• Жеміс-көкөніс өнімі – 30 тонна;
• Сүт өнімі – 20 тонна;
• Балық өнімдері – 13 тонна;
• Бал – 40 тонна;
• Өзге өнімдер – 25 тонна.
Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында ("Ғылым ордасы" археология мұражайына қарама-қарсы).