Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

11.03.2021 16:37

Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ескертті

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда тауда қар көшкіні болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Дауылды алдын ала ескерту негізінде жауын-шашын мен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты 11 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлаймыз»,– деді департаменттен. 

Ведомство қар көшкінінің жүру ықтималдығына байланысты, қала тұрғындарына тік, қарлы тау беткейін бармауды ұсынады. Сондай-ақ, тауға барған күнде барынша сақ болуға шақырады.