Алматыда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге азайды

polisia.kz
polisia.kz
Осы жылдың басынан бері отбасылық - тұрмыстық қатынастар саласында 15 қылмыс жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге азайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматыда әйелдерге қатысты қылмыстарды тіркеу жыл басынан бері 2,2 есеге азайды, оның ішінде:

 – денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 2 есе; 

– денсаулыққа орташа зиян келтіру – 14,9%-ға; 

– зорлау – 2 есе; 

– ұрлық – 2,6 есе; 

– тонау – 3,1 есе;

– қарақшылық шабуыл – 2,3 есе; 

– бұзақылық – 49,2%; 

– алаяқтық – 18,8%. 

«Осы жылдың басынан бері отбасылық - тұрмыстық қатынастар саласында 15 қылмыс жасалған. Оның 13-і алкогольдік ішімдіктерді қосылып ішкеннен кейін жасалған, төртеуі қызғаныштан, сегізі ерлі-зайыптылардан, бесеуі бірге тұратын адамдардан, төртеуі жақын туыстарынан. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыс жасаудың негізгі себептері – жанжал, ішімдікті бірлесіп ішу, араздық қатынастар, әлеуметтік деңгейдің төмендігі және қызғаныш. Отбасындағы зорлық-зомбылық туралы барлық хабарламалар тіркеледі, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдарды алдын-алу шараларымен барынша қамту бойынша жұмыс ұйымдастырылған. Жыл басынан бері 79 құқық бұзушы қорғау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚбК-нің 461-бабы). Сонымен қатар, құқық бұзушының мінез-құлқына қатысты 161 арнайы талаптар белгіленді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 73-бабы, 1-бөлігі бойынша 229 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Серік Байғожаев. 

Сонымен қатар, спикер бұған дейін мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам мен БАҚ өкілдерін тарта отырып, “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа орын ЖОҚ!” атты Республикалық науқанының өткізілгендігін еске түсірді.  

Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы жұмыстар Алматыдағы “Родник”, “Араша”, “Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы” сияқты дағдарыс орталықтарымен бірлесіп жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 341 балалы әйелді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторлары дағдарыстық орталықтарға жіберді.

Новости партнеров