Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктелмек

21.10.2022 16:38
gov.kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы Үкімет қаулысына өзгерістер әзірленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатқа сәйкес, министрлікке екі жаңа міндет жүктеледі:


  • тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және тілдік белгілері бойынша құқықтарға қысым жасауға жол бермеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алу;
  • өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;


Түзетулер Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылғы 25 мамырдағы ХХХI сессиясында, сондай-ақ Үкіметке 2022 жылғы 27 шілдеде берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленген.

Құжат бойынша Ашық НҚА сайтында 4 қарашаға дейін пікір білдіруге болады.