Себебі бұған дейін анықталған заң бұзушылықтар жойылмаған
Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде бұған дейін анықталған заң бұзушылықтар жойылмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Заңға сәйкес жауапты тұлға ұйғарымды орындамай, бір жыл көлемінде қайта қайталаған жағдайда лицензияны тартып алып, әкімшілік айыппұл салынады деп айтылған. Осыған байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын айыру бойынша материал Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.