Қазақстанда карантин кезінде ажырасу саны азайды

10.02.2021 16:39

Бұл ретте қалалық және ауылдық жерлерде де ажырасу саны бір жылда 2,6 есеге қысқарды

Фото: ашық дереккөзден алынды

2020 жылдың үш тоқсанында елде 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу жағдайы тіркелген. Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда некелер саны 15,7%-ға, ал ажырасулар саны бірден 2,6 есеге қысқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ажырасу мен некелесу қатынасы рекордтық төмен көрсеткіш — 19,8%-ды құрады, ал өткен жылы көрсеткіш, керісінше, рекордтық жоғары теріс мәнге — 43,5%-ға жетті. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елдегі тіркелген некенің 69%-ға жуығы, яғни 60,4 мыңы қалаларға тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға аз. Ауылдық жерлердегі тіркелген некелер саны бір жылда 11,6%-ға, яғни 27,2 мыңға дейін қысқарды. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР-да ажырасу жағдайларының 73,4%-ы, яғни 12,7 мыңы (бір жыл бұрын — 73,3%) қалаларға, ал 26,6%-ы, яғни 4,6 мың ауылдық жерлерге тиесілі болды. 

Бұл ретте қалалық және ауылдық жерлерде де ажырасулар саны бір жылда 2,6 есеге қысқарды. ҚР барлық өңірінде неке саны азайды. Көрсеткіш Шымкентте (-27,4%), Қостанай облысында (-19,8%) және Алматыда (-18,3%) төмендеді. Ең аз төменгі көрсеткіш Қызылорда (-10,2%), Павлодар (-10,5%) және Түркістан (-11%) облыстарында байқалды. Ел бойынша ажырасу жағдайларының саны аз. Ажырасу санының анағұрлым төмендеуі Қызылорда (4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан (3,1 есе) облыстарында байқалды.