Сондай-ақ педофилия айғақтардын бұрмалаған және біле тұра хабарламағандар да жауапқа тартылады
Бұдан былай балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасаған қылмыстарға қатысты екі жақтың татуласуына қатаң тыйым салынады. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы түйткілді талқыға салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Халық қалаулылары сондай-ақ, аса ауыр санатқа жататын жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ұсынып отыр.
Бұдан бөлек, педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, одан бөлек бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік те көзделген. Барлық мамандандырылған мекемелердің жетекшілері, ата-аналар мен қамқоршылар да зорлау фактісін жасырғаны үшін енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.