Украина әуе кеңістігін жабуына байланысты Қазақстанда жедел желі іске қосылды

24.02.2022 16:50
ашық дереккөз

 Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты. Телефон нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215», – делінген хабарламада.

Колл-орталық 2022 жылғы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.