Атырау мұнай өңдеу зауыты 1 қазанда жұмысын тоқтатады

27.09.2023 в 16:41

Өндірістің тоқтауы мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді

Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазаннан бастап жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпорын баспасөз қызметі мәліметі бойынша, Атырау мұнай өңдеу зауыты өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес 1 қазанға жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына дайындалып жатыр.

 - Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстары жыл сайын өткізіледі және бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға, олардың жарамдылығын ұзартуға бағытталған технологиялық жабдықты күту, қадағалау, пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді, – делінген хабарламада.

Жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстарына 1 600-ге жуық мердігерлік ұйымдар қызметкері, сондай-ақ 116 бірлік арнайы техника жұмылдырылады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы "азаматтық қорғау туралы" Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 - Бұл кезде өндірістің тоқтауы мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді. Зауыттың резервуарларында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталмас бұрын жинақталған мұнай өнімдері 36 мың тонна автобензин мен 32 мың тонна дизель отынын құрайды. Сонымен қатар қазан айында 16 мың тонна автобензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі

Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен жөнелту ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес іске асырылмақ.

Оқи отырыңыз: Алматыда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі өсті