Байланыс неліктен нашарлады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Tele2 байланысының нашарлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
- Жабдықты жаңарту кезінде белгілі бір техникалық ақау, іркілістер болып тұрады. Tele2 мобильді операторы түнде белгілі бір техникалық жұмыстар жүргізген. Таңертең іске қосқанда осындай мәселелер анықталды. Бұл жабдықты жаңартумен байланысты жағдай. Жалпы, байланыс инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді және жаңғырту кезеңінде мұндай проблемалар туындауы мүмкін. Кешірім сұраймыз, - деді Бағдат Мусин Үкімет қабырғасында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.
Оқи отырыңыз: Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлау үшін Telegram бот іске қосылды