Жалпы қалада 970 дәріхана бар
Алматы әкімдігі дәріханалардың жұмысы бойынша жағдайды мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласында 970 дәріхана бар, олардың 407-сі желіге жатады. Бүгінгі күні 10.00-ден 17.00-ге дейінгі режимде 277 дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде 138 желілік және 139 жеке дәріхана бар. Жедел мәліметтер бойынша 15 дәріхана зардап шеккен.
Қаланың дәріханаларына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуді «Медсервис», «INKAR», «Аманат» 3 ірі фармкомпаниясы жүзеге асырады. 10 қаңтардағы жағдай бойынша «Медсервис» компаниясы 40 293 бірлік көлемінде ДЗ-ның 1070 түрін тиеп жөнелткен, «Аманат» компаниясы 203 700 бірлік көлемінде ДЗ-ның 2040 түрін тиеп жөнелткен. Басқа ірі жеткізушілер 11 қаңтардан бастап қала дәріханаларының тапсырыстары бойынша ДЗ және ММБ жеткізуді бастайды.