Президент сайлау алдындағы бағдарламаны іске асырудың жоспары қалай іске асуы керектігіне тоқталды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес.
11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент сайлау алдындағы бағдарламаны іске асырудың жоспары қалай іске асуы керектігіне тоқталды.
«Сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақытылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», - деді Мемлекет басшысы.