Алматыда 20 полиция қызметкері алғашқы қызметтік куәлігін алды

14.12.2021 16:44

Салтанатты шара Алматы полициясының мұражайында өтті

polisia.kz

Алматыда 20 полиция қызметкері алғашқы қызметтік куәлігін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл айтулы шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отыр. 

"Алғашқы қызметтік куәліктерді тапсыру салтанаты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтуінің өзі тегін емес. Мұндағы мақсат – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жас ұрпағын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.  Дәстүр бойынша бұл шара ІІМ ардагерлерінің белсенді қатысуымен өтеді. Халыққа, елге үлгілі қызмет көрсетудің мысалы ретінде жас жедел уәкілдер, тергеушілер, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде дұрыс курс алып, оны мақсатты түрде ұстанады", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Айта кетейік, салтанатты шара Алматы полициясының мұражайында өтті. 

Теги: ІІМ