Марапатты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаев табыс етті
Алматыда жоғары қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарған студент марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, министр Юрий Ильиннің бұйрығымен Абай атындағы педагогикалық университеті дене шынықтыру факультетінің 18 жастағы студенті Ерасыл Махмұд «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
«Алматыда салтанатты түрде ұжымның қатысуымен министрдің атынан марапатты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаев табыс етті. Ол Ерасылдың ата-анасына ұлына лайықты тәрбие бергені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Қазақстанда осындай балалар барда аға буын еліміздің болашағына сенімді бола алатынын айтты», - делінген хабарламада.