Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Велосипед жолақтары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа велосипед жолағы Манас көшесінің батыс жағынан Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін жасалған. Сондай-ақ Манас көшесі бойымен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін ені 3 метр және ұзындығы 400 метрге жуық велосипед жолы салынды, көше бойында тұрақ орындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осылайша, Шевченко мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан велосипед жолақтары өзара байланысты.

Жаңа велосипед жолағын жайластыру велосипедшілердің оқшауланған велосипед жолақтарымен қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және жол қозғалысында келеңсіз жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін аталған жол учаскесінде қосымша жол белгілері орнатылады.

Жалпы 2023 жылы қала бойынша 3 км велосипедшілерге арналған инфрақұрылым жабдықталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматының даму жоспары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру үшін бірыңғай платформа құрылды

Новости партнеров