Алматыда мұқтаж азаматтарға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі

Almaty TV
Almaty TV

Қолдау санатындағы азаматтар жыл сайын шипажайға тегін жолдама алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен жылы әлеуметтік қолдаумен 192 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ӨКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді.

Оның айтуынша, аз қамтылған халықты қолдау бағытында  әлеуметтік көмектің 17 түрі көрсетіледі. Әлеуметтік көмек негізінен ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарға, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға, әлеуметтік маңызы бар аурулардың кейбір түрлері (туберкулез, АИТВ-инфекциясы) бар жандарға көрсетіледі. 

Сондай-ақ жыл сайын әлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралатынын, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілетінін атап өтті.

- Қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының қолданыстағы шешіміне өзгерістер енгізілді, онда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына  қатысушыларға ҚР Тәуелсіздік күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл көмекті желтоқсан оқиғасына 676 қатысушы алды, - деді Бауыржан Жаубасов.

Мәселен басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлері үшін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді. Осылайша, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері 200 мың теңге: 9 мамыр мен 15 ақпан қарсаңында 100 мың теңгеден алады.

Бұдан басқа, 2024 жылдан бастап белгіленген квотаға сәйкес желтоқсан оқиғасының ақталған қатысушылары (120 квота бойынша) және зейнеткерлік жасқа толмаған, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың мұқтаж ардагерлеріне (180 квота бойынша) жыл сайынғы санаторий-курорттық ем ұсыну көзделген.

Сондай-ақ 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының ақталған қатысушылары қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы.

2024 жылы 2,9 мың ауған ардагері мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 700 қатысушысын (444 млн теңге) қосымша әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Алматыда электр энергиясына тарифтің өсуіне байланысты халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өтемақы ұлғайтылды.

- "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы шеңберінде 2023 жылғы шілдеден бастап азаматтардың жекелеген 8 санатына - яғни Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар,  мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалылар, зейнеткерлер және халықтың басқа да санаты бойынша 0,5 АЕК (1725 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек енгізілді.  Төлемдермен 133 мың адам қамтылды. 2023 жылғы қарашадан бастап аталған әлеуметтік көмектің мөлшері 0,6 АЕК – ке (2 215 теңге) дейін ұлғайтылды және төлем мерзімі 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды, - деп нақтылады спикер.

Сонымен қатар жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 4 186 отбасы немесе 21 108 адам (2,2 млрд теңге) алды.

Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады (2024 жылғы 1 тоқсан: ең төменгі күнкөріс шегі – 52 136 теңге, кедейлік шегі – 36 495 теңге).

- 2023 жылы әлеуметтік көмек түрлерін 6,7 млрд теңгеге 192,7 мың адам алды. 2024 жылы 23,6 мың аз қамтылған азаматқа (2,5 млрд теңгеге) әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған, – деді Бауыржан Жаубасов.

Оқи отырыңыз: Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Новости партнеров