Шаңырақ күні – Қазақстанда отбасылық құндылықтар күні атап өтілуде

17.03.2024 15:44

Наурызнама онкүндігі жалғасуда

gov.kz

Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында бұл күн отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады6 деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.

Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.

Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.

Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда "Шаңырақ көтеру" атты ерекше дәстүр-салт болған.

Оқи отырыңыз: Наурызнама: Алматы жастары National day челленджін іске қосты