Әлемдегі басты қару экспорттаушы елдер аталды

11.03.2019 16:45

Стокгольмдік әлемдегі проблемаларды зерттейтін халықаралық институт (SIPRI) жыл сайынғы баяндамасын жариялады, онда ең ірі қару жеткізушілер аталды, деп жазады Baq.kz.

Құжаттағы мәліметтер бойынша әлемдегі ең ірі қару экспорттаушылар – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Германия. Олар дүниежүзілік жалпы экспорт көлемінің 75%-ын иеленіп отыр, оның үстіне алғашқы екі елдің үлесі – 57%.

Мәселен, 2014-2018 жылдар аралығында Ресей 48 елге, оның ішінде негізінен, Үндістан, Қытай және Алжирге қару жеткізген.

Сонымен қатар, құжатта дүниежүзілік қару экспортының көлемі 7,8% артқаны да айтылған. Сондай-ақ, Таяу Шығыс елдерінде қаруды импорттау көлемі ұлғайған, олардың қатарында Сауд Арабиясы, Израиль, Катар және Ирак бар.