Өткен жылы аудандағы 1705 адам қайтарымсыз грант алып, шағын кәсіп бастаған
Алматыдағы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы биылдан бастап жаңа форматта жұмысын бастады. Бұдан былай, көпке қол ұшын беріп жүрген мамандар енді тек аналар мен аз қамтылған отбасыларға ғана емес, үйде екі қолға бір күрек таппай отырған әкелерге де өз жобаларын ұсынбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орталық ерлер үшін автосалонға арналған қаптар тігу мен кішкентай балаларға арналған массаж курстарын ұйымдастырып отыр. Айтуынша, бұл салаға қызығушылық танытқандар саны күн санап артып келеді екен. Орталық мамандары, оларды тегін оқытып, кейіннен кәсібін бастау үшін мемлекеттен грант алуына көмектеседі. Айта кетейік, өткен жылы аудандағы 1705 адам қайтарымсыз грант алып, бүгінде шағын кәсіп бастаған.
«Биыл әлеуметтік жағдайы қиын отбасыларға көмек көрсетуді басты назарға алып отырмыз. Себебі өткен жылы пандемия кезеңінде жұмыс тәжірибеміз нақты осы тұсты дамытуымыз керек екенін көрсетті. Аудандағы аз қамтылған отбасылар мен тұрмысы нашар жанұялардың үйді-үйіне өзіміз барып, арнайы тізімге тіркеп, қажетті көмеке түрін анықтамыз деп жоспар қойып отырмыз. Одан бөлек, жұмыссыз аналараға арналған гранттар биыл да жалғасын табады», – деді Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының басшысы Сана Жандай.