«Астана су арнасы» 4 жұмысшысының өліміне қатысты сот шешім шығарды

25.12.2019 в 16:45

Коммуналдық серіктестіктің бұрынғы екі қызметкері 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды

Істі қараған Алматы ауданының  №2 сотының судьясы коммуналдық серіктестіктің бұрынғы екі қызметкерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп тапқан. Олар 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, сот ісі осы жылдың қазан айында басталды. Сол кезде сот алдында Астана су арнасы компаниясының Алматы ауданындағы кәріз қызметі слесары және осы ұйымның кәріз қызметінің бастығы тергелген болатын. Төтенше жағдайдан кейін кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан босатылды. Төрт коммуналдық жұмысшынының өмірін жалмаған төтенше жағдай осы жылдың 23 мамырында орын алған еді.  

«Астана Су Арнасы» бригадасы Момышұлы даңғылында орналасқан кәріздік сорғы стансасын бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда бір жұмысшы есінен танып, цилиндрге құлайды. Екінші жұмысшы оған көмектесуге асығып технологиялық баспалдақтан түсе есінен танып қалады. Олардың артынан тағы екі әріптесі қол ұшын бермек опат болған еді.