Жігітінің опасыздығын той үстінде білген қалыңдық оның масқарасын шығарды

26.08.2019 в 16:45

Ол болашақ күйеуінің досына әлдеқандай қызбен өткізген түні жайлы айтқанын естіп қойған

Альбина есімді бойжеткен жігітімен бір жыл жүріп, тұрмысқа шықпақ болған. Алайда тойдың үстінде сүйіктісінің оған адал болмағанын білген ару дереу салтанатты шараны тоқтатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен сүйген адамының бір жыл бойы өзіне опасыздық жасағанын абайсызда, той үстінде біліп қойған. Оның айтуынша, ол күйеу жігіт пен досының сөзін естіп қойған.

"Әлдеқандай Алина есімді қыз туралы айтып жатты. Досы Тимурдан сол қызбен кеше түнде не істегенін сұрады. Тимур тек езуін тарта жымиып қойды.

Мен бәрін естісем де, миым ақпаратты қабылдай алмай жатты. Не істерімді білмедім. Тұрған жерімнен атып шығып, Тимурдың жағасына жармастым. Тойханадағылар дауысымызды естіп жетіп келді.

Мен ол секілді опасыз, түкке тұрғысыз адаммен өмірімді байланыстырғым келмейтінін айтып, туыстарының көзінше масқарасын шығардым.

Ол маған бірдеңе деп жауап қатқан да жоқ. Тіпті мені тоқтатуға тырыспады да.  

Кейін ортақ достарымыз оның бұрыннан бері қызқұмар екенін айтқанда таңғалдым. Адамды танып біле алмайды екенсің", - дейді бойжеткен.

Бүгінде тойының шырқы бұзылған бойжеткен тойға дейін жігітімен жақын қарым-қатынаста болғанын да жасырған жоқ.

Ол жігітінің опасыздыққа баруына не себеп болғанын тіпті білмейді екен.

"Иә, жасыратыны жоқ, тойдың алдында біраз қателікке бой алдырдым. Оның әрбір сөзіне балаша сендім. Қазір сол қылығым үшін өкінемін. Уақытты кері қайтарғым келеді", - дейді кейіпкеріміз.