Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 1 820 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Осылайша 1991 жылдан бері республикаға оралған этникалық қазақ саны 1 миллион 89,7 мың адамға жетті.
Биыл қандастар қандай елдерден келді:
Өзбекстаннан - 73,5%;
Қытайдан - 11,8%;
Түрікменстаннан - 3,7%;
Моңғолиядан - 3,1%;
Басқа келдерден - 8,1%.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нур-Султан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.
1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ті және зейнеткерлер 15,8%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 12%-і жоғары білімді, 39,8%-і орта кәсіби білімді, 47,1%-і жалпы орта білімді және 1,1%-інің білімі жоқ.
Айта кетері, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.