Көкшетауда 5 күн бұрын жоғалған келіншек табылды
gov.kz
Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Бұланды ауданының Макинск қаласында екенін анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкшетауда 5 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы 28 жастағы Әсел Ахмеджанова табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Бұланды ауданының Макинск қаласында екенін анықтады. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. Әйелмен және оның туыстарымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды ескере отырып, отбасына ювеналдық полиция қызметкерлері тарапынан ерекше назар аударылатын болады», - деді ведомстводан.
Еске сала кетсек, Көкшетауда екі баланың анасы жоғалып кеткен болатын. Ол 19 қарашада сағат 00:00 шамасында балаларын үйде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
09.10.2026 11:00
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17