Қосшы қаласының соты құрылып, судьялары тағайындалды

09.02.2022 16:45
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Қосшы қаласының сот органын құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын», – деп жазылған Жарлықта. 

Осы құжатта Қосшы сотының судьялары болып кім тағайындалатыны да жазылған. 

«Мерзадинова Динара осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Халмурзаев Мұрат осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Қосшы сотының судьялары болып кім тағайындалды», – деп жазылған жарлықта. 

Бұған дейін Қосшы қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылғанын жазған болатынбыз.

Толық көрсету
Теги: судья