Instagram желісінде дүкеннің дәл ортасында бір футболкаға таласқан екі бойжеткеннің видеосы тарады. Олар бағасы жеңілдікпен тұрған киімге бола төбелес шығарған.
Анықталғандай, киім жеңілдікпен сатылғандықтан, тек бір данасы қалған екен.
Сондай-ақ, бейнежазбада дүкен қызметкерлері мен келушілердің қыздарды ажыратуға тырысқанын анық көруге болады. Алайда олар жігіттерге де дес бермей, «жекпе-жегін» жалғастырған.
Видео астында: «Қыздар, жеңілдік үшін не нәрсеге дайынсыңдар?» деген жазба қалдырылған.
Нәзік жандылардың іс-әрекетін көрген желі қолданушылары езуін жия алмай, түрлі пікірлер білдіріп жатты.
«Футболка пол жуатын тряпка болып қалды ғой», «Мен тура осылай өмір сүрмейді екем», «Мына футболканың размері ХХХL болып кеткен шығар енді», «Бейшара жігіт», «Ұят-ай»,- деп жазды олар.